Сатып алу 31 081 KZT (68$)
Ағылшын тілі 3 ай 36 сабақ
Жалпы
Мұғалім
Бағдарлама
Пікірлер

Біз стандартты бағдарламалардан бас тарттық және де тек тиімді жұмыс істейтін бағдарламаларын қолданамыз!

  • Бірінші сабақтан бастап біз сөйлеу дағдыларын дамытамыз
  • Қарым-қатынастағы өмірлік жағдаяттарды модельдеу
  • Дәлелденген әдістер, трендті мазмұн
  • Кембридж университетінің баспасы, Оксфорд университетінің баспасы, Макмиллан және т.б әлемдік баспалардың заманауи оқулықтары
  • Өмірде іс жүзінде пайдалана алатын барлық құралдар!

 

КУРСТАН НЕ АЛАСЫЗ?

  • Сөздік қорыңызды байытасыз
  • Қызықты әрі пайдалы тапсырмалар арқылы грамматиканың негізін түсінесіз
  • Дұрыс сөйлеуді үйренесіз
  • Ойыңызды емін-еркін жеткізіп, сөйлемді дұрыс құру дағдысын меңгерерсіз
  • Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін үнемі сөйлесу клубтарына қатысасыз
  • Алғашқы сабақтан бастап сөз тіркестерін, қарапайым сөйлемдерді құрастыра алатын боласыз және бұл оңай әрі тиімді екеніне көз жеткізесіз
  • Шамамен 1500 сөзден тұратын сөздік қор
  • Сіз өзіңіз жайлы, ауа-райы туралы, мейрамханада тапсырыс беру, қонақүйде тұруға мүмкіндік беретін қарапайым фразалар мен сөйлемдерді іс-жүзінде қолдана аласыз
  • Қысқа мерзім ішінде мәтіннің мағынасын түсінуді және қарапайым фразаларды тыңдап, түсінуді үйренесіз.

 

САБАҚТАРЫМЫЗ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ?

  • Бұл қызықты мазмұн және заманауи технологиялар
  • Ағылшын тіліне ғашық болуға көмектесетін нәрселер
  • Сіздерді шетелде күнделікті кездесетін өмірлік жағдайларға дайындаймыз
  • Барлық грамматикалық конструкциялары көрнекі және схемалық түрде беріледі
  • Сабақта сіз топпен бірге диалог түрінде мұғалімнің бақылауымен жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, конструкцияларын жасайтын тапсырмалары мен жағдайларды орындайсыз
  • Әр сыныпта әртүрлі ақпарат құралдарын пайдалану ағылшын тілін естуге және түсінуге көмектеседі
  • Сіз тыңдап қана қоймай, тыңдап, түсінетін боласыз.

Курс мұғалімі — Кәрібаева Ақбота Асқарқызы

    • Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін, және Нанкин Ақпараттық ғылым және технология университеті үздік бітірген (Қытай).
    • Колледжде сабақ беру тәжірибесі бар
    • Оқыған студенттердің көбісі, ағылшын тілін жетік меңгеріп, тез сөйлеп кете алды.

     

    Кәрібаева Ақбота:

    "Ағылшын тілі қазіргі заманымызда өте маңызды рөл атқарады. Қадірменді атамыз Қадыр Мырза Әлі айтқандай: "Өзге тілдің бәрін біл, - өз тіліңді құрметте"- деп тегін айтпаса керек. Бүгінгі таңда ағылшын тілі Әлемдiк тiл мәртебесіне ие."

Камшат Жумакан

Камшат Жумакан

Назира ханым сізге үлкен рахмет! Сабақ өте түсінікті әрі қызықты өтті ❤️. Модальды етістіктерді түсіне алмай жүрген едім, бүгін жаксы түсініп алдым 🤗. Осы курс аркылы көп нарсе уйрендим, кітап оқып бастадым ❤️. Бәрі сіздің арқаңызда көп рахмет ❤️❤️❤️!
Ақерке Касенбаева

Ақерке Касенбаева

Мен Касенбаева Ақерке «Мархар» компаниясына алғысым шексіз. Назира Өмірханқызына шын жүректен рахмет айтқым келеді. Себебі 3 айлық курста көптеген қызықты және логикалық сабақтарды түсіндірумен жоғары деңгейде айналысқан ғұлама ұстаз. «Мархар» компаниясының арқасында 100 адамның ішінде 28-орынды сертификатын иелендім. Мархар жасай берсін!
Меруерт Сериковна

Меруерт Сериковна

Апай көп рахмет! Бугин модальды етистиктерди оттик, өте қызықты болды, жаттыгуларды орындау арқылы көп нәрсе тусиндим.
Рахима

Рахима

Саламатсыз ба Назира ханым! Мине каншама адам сизден билим, талим алгалы да бираз уакыт отип кетипти, окуымыздын аягына да келип жеттик. Сиздей улагатты устазга, инабатты, ибалы, жай созбен ак коп нарсени тусиндиретин билимди устазга жолыкканыма озим дан ризамын! Улкенге изет билдирип, кишиге улги бола отырып, бари де озине керекти билимди алса екен деп, барине де пайдам тисе екен деп енбек етип, баримизге коп нарсени уйреттиниз, сол ушин сизге улкен алгыс айткым келеди, барлык студенттер атынан, оз атымнан сизге коп рахмет! Алда да енбегиниз жана берсин, толагай табысты бола бериниз! Ен бастысы денсаулыгыныз мыкты болып , ауырманыз! Кашанда, аркашан исиниз сатти болсын, табысыныз мол болсын! Студенттериниз сизбен мактана берсин, сиз оган абден лайыктысыз! Бизди де умытпаныз, биз де сизди умытпаймыз! Кейин кездесип калып жатсак озиниз уйреткен агылшын тилинде сойлесетин боламыз сизбен! Назира ханым отбасынызбен аркашан алланын назарында, бакыттын базарында болыныз!!
Айкен Булекбаева

Айкен Булекбаева

Қайырлы күн! Ия сабақ үнемі жақсы өтеді. Әрі әртүрлі әдістермен барлық студенттерден сабақтың түсінгендерін сұрау арқылы жылы лебізбен тексеріп отырады. Рақмет сізге!
Курс: «Ағылшын тілі» қазақ тілінде курсы

Алуа Жакпаева

Назира апай бүгінгі сабақ өте ерекше болды рахмет сізге бізде сізді қимаймыз қатты бауыр басып қалдық сізден көп нәрсе үйрендік үлкен рахмет алла разы болсын! ❤️❤️